Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері атанды

Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері атанды

Хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры және Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі Нұрқаси Абатов "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша жыл сайынғы "Еңбек жолы" республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Нұрқаси Абатов – Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі. Жоғары санатты хирург дәрігер эндоскопиялық хирургия, урология және кеуде хирургиясы саласындағы ғылыми жұмыстармен емдік әрекетті сәтті үйлестіреді. Осы жылдар аралығында іш, кеуде қуысы және ретроперитонеальді кеңістіктің әртүрлі аурулары бар 6 мыңнан астам пациентке ота жасады. Қазақстанда алғаш рет ол бүйрекке, сондай-ақ механикалық сары ауру кезінде ұйқы безі мен өт жолдарына лапараскопиялық реконструктивті операция жасады.

Профессор сонымен қатар студенттер мен резидент дәрігерлерді оқытады, жылжымалы шеберлік сабақтарын өткізеді, халықаралық съездерге, конгресстерге және симпозиумдарға қатысады. Ол жеті патенттің иегері және хирургия саласындағы өнертабыстардың авторы. Оның 100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар.

– Мен Нұрқаси Төлепбергенұлының алғашқы шәкірттерінің бірімін. Оның жетекшілігімен магистратура мен докторантураны бітірдім. Оның тәлімгерлігімен төрт докторлық және сегіз магистрлік жұмыстар қорғалды. Менің осындай тәлімгерім болғанына бақыттымын, – дейді ҚМУ клиникасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Руслан Бадыров. – Сонымен қатар ол резидент дәрігерлердің тәлімгері. Оқыту кезінде ол өз оқушыларын клиникалық процеске толығымен жұмылдырады, күн сайын өзі профессорлық аралау өткізеді. Пациенттерді аралау кезінде, операциялар барысында, операциялық үстелдегі клиникалық талдауларда білімімен бөліседі. Оның басшылығымен оқушылар операция жасайды. Ол өз білімімен жомарт бөліседі. Тұрақты негізде көшпелі және стационарлық шеберлік сабақтар өткізеді. Жастар мен тәжірибелі дәрігерлерге одан үйренетін нәрсе көп.

Профессор Нұрқаси Абатов "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" республикалық байқауының жеңімпазы, "Үздік хирург – 2010" номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаты.