Қарағанды облысындағы "Жасыл ел" еңбек жасақтарында осы жазда 3 мың жауынгер жұмыс істеді

Қарағанды облысындағы "Жасыл ел" еңбек жасақтарында осы жазда 3 мың жауынгер жұмыс істеді

Қарағанды облысында "Жасыл ел" жасақтарының XIX еңбек маусымындағы жұмысы қорытындыланды. Биыл жастардың саны рекордтық болды – 3 мың адам еңбек етті.

Маусымның жабылуы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтті.

– Биыл біз "Жасыл ел" қатарына 3 мың жауынгерді тарта алдық, келесі жылы одан да көп жұмылдыруға тырысамыз. Сонымен қатар, біз "жасыл" отрядтардан басқа құрылыс және педагогикалық жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаны қысқы демалыста жалғастыру идеясы бар. Тағы бір еңбек маусымының аяқталуымен құттықтаймын. Сіздер керемет адамсыздар! – деп облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов жасылелдіктер алдында сөз сөйледі.

Мемлекет тарапынан ерекше қолдауға мұқтаж санаттардан "Жасыл ел" отрядтарына қатысушылардың саны 30%-дан асты. Олардың арасында жобаға бірінеше жыл қатысып келе жатқандар да көп.

– Мен "Жасыл елде" екінші рет жұмыс істедім. Биыл командир болдым. Біздің команда 30 адамнан тұрды. Мен қосымша ақша тауып қана қоймай, жаңа достар таптым, демалысты тиімді өткіздім. Жалақыма жаңа телефон сатып алдым. Болашақта да жобаға қатысқым келеді, – дейді 16 жастағы қарағандылық Әнуар Жетпісбай.

Ал № 17 ОМ 11-сынып оқушысы Назарым Владимир үшін отрядтағы жұмыс - алғашқы тәжірибе.

– Бірінші рет мен өзімді командир ретінде сынап көрдім. Жәнеде мен жетістікке жеттім. Біз тек жұмыс істеп қана қоймай, тимбилдингтерге, кездесулерге, тренингтерге де қатыстық. Бұл өте көңілді және пайдалы болды. Өз жалақыма ағылшын тілі курстарын төледім, – деді Назарым Владимир.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарынан келген делегаттар Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты бөлім жергілікті және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты, танымал қазақстандық Sadraddin орындаушысы хедлайнер болды. 

Естеріңізге сала кетейік, "Жасыл ел" жобасы Қарағанды облысында 2005 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оған 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Еңбек жасақтары елді мекендерді көгалдандырумен, аумақтарды тазалаумен, өсімдіктерді отырғызумен айналысады, экоакцияларға қатысады

Орындалған жұмыстың жасына және көлеміне байланысты жалақы төленеді, жауынгерлер фирмалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.