
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында бүгін нағыз мереке – ХІІ DosStar оперетта және мюзикл фестивалі ашылады. Биыл оған Қазақстаннан басқа Франция, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген қонақтар қатысады.

Фестивальді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының интерпретациясында Алексей Рыбниковтың "Юнона және Авось" атты екі актілі ритм-рок-балеті ашады. Солистер – труппаның жетекші әртістері Жанель Түкеева мен Азамат Асқаров. Басталуы 18:30.

– "Юнона және Авось" рок-балетін Алматылық театрдың хореографиялық нұсқасында біздің көрермендер алғаш рет көреді. Біз бұл пьесаның вокалды-музыкалық орындалуымен таныспыз. Жаңа жоба біздің көрерменге қызықты болады, – дейді КАТМК директоры Амантай Ибраев.
Сенбі, 23 қыркүйек, сағат 17:00-де көрермендерге Иоганн Штраустың "Жарғанат" опереттасы ұсынылады.

Дирижер – Андрей Алексеев, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург музыкалық комедия театрының бас дирижері. Негізгі партияларды Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстан сияқты төрт елдің музыкалық театрларының солистері орындайды. Мысалы, Генрихтің партиясын Санкт-Петербург музыкалық комедия театрының әртісі Олег Ромашин, Розалинданы – Новосибирск музыкалық комедия театрының Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Вероника Гришуленко, Адель – М. Глинка атындағы Челябі мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі Эльвира Авзалова, Фальк – Иркутск музыкалық комедия театрының әртісі Иван Перевощиков, Альфред – Өзбекстанның музыкалық комедия театрының әртісі Суръат Артыков. Барлық әртістер алғаш рет DosStar оперетта және мюзикл фестивалінде кездесті.

– Біз мұндай фестивальге алғаш рет қатысып отырмыз. Мен 20 жыл бұрын "Жарқанатта" ойнадым. Енді мен осындай қуанышпен, осындай сағынышпен жұмыс істеуге келістім. Спектакльде Альфредтің рөлін ойнаймын, – дейді Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Суръат Артыков.

– Мен де осы қойылым үшін Адельдің ариясын арнайы үйрендім. Мен үшін бұл фестивальге қатысу бақыт, әсіресе осындай әріптестермен жұмыс істеу. Біз әр түрлі театрлар мен елдерде болсақ та, сахнада бірден туысқан секілді боламыз, – деп атап өтті Челябі опера және балет театрының солисі Эльвира Авзалова.
Сондай-ақ, фестиваль аясында хореография және вокал бойынша шеберлік сыныптары өтеді.

Бірінші шеберлік сабағы сахналық семсерлесуге арналған.

Оны Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық-драмалық қуыршақ театры кафедрасының аға оқытушысы Ержан Құлымбетов өткізді.

Фестиваль 24 қыркүйекте Қазақстанның, Беларусьтің, Ресейдің, Әзірбайжанның, Өзбекстанның, Францияның жетекші солистерінің гала-концертімен аяқталады. Басталуы 17:00.
"DosStar" оперетта және мюзикл фестивалі 2012 жылдан бастап КАТМК бастамасымен және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіліп келеді.