
"Жас Кен" жеке қоры Теміртау жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша 2 млн теңгеден 20 грант ойнатады. Байқауға 18–35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Өтініш беру кезінде әлеуметтік мәртебе ескеріледі. Конкурсқа жұмыс істейтін жастар да, жұмыссыздар да қатыса алады.
– Бірнеше шарттар бар. Солардың бірі – Теміртауда кемінде бір айға мекенжайға тіркелу. Егер қатысушы ЖК ретінде тіркелген болса, онда өтінім беру кезінде ЖК бір жылдан аспауы керек. Қалаға қажет жобалар – әлеуметтік, өндіріс, өңдеу өнеркәсібі басымдыққа ие болады. Теміртаудың белгілі бір бизнеске қажеттілігін дәлелдеу қажет болады. Грант келесідей бөлінеді: айналым қаражатын толықтыруға 30 % (шикізатты, тауарларды сатып алуға, жалға алуға), қалған 70 % жабдықтар мен мүкәммалға, – дейді жоба үйлестірушісі Еркеназ Қабылда.
Әлеуетті грант алушыларды кәсіпкерлік негіздеріне Теміртау жастар ресурстық орталығында оқытатын болады. Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын екі топ ашу жоспарлануда. Офлайн форматта барлығы жеті сабақ болады. Курстың соңында бизнес-жоспарларды қорғау өтеді. Сертификаттарды оқуды аяқтаған және қорытынды тестілеуден өткен барлық оқушылар алады. Ең қызықты идеялар гранттармен ынталандырылады.
Өтінім беру сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfZHJ9kOOOvsoRMN_eovP-PmAetKIQ6elTltFcWW1gcy6mwrQ/viewform.
Толық ақпарат: +7-708-724-24-56 (WhatsApp).