Қарағанды симфониялық оркестрі жаңа шығармашылық маусымын ашады

Қарағанды симфониялық оркестрі жаңа шығармашылық маусымын ашады

"Шалқыма" концерт залында 30 қыркүйек күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің жаңа шығармашылық маусымы ашылады.

Концерт қонақтары – Қазақстанның FORTE TRIO мемлекеттік триосы. Оның құрамында "Құрмет" орденінің кавалері, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиев (фортепиано), "Шабыт" халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Мақсат Жүсіпов (скрипка) және Rossini International халықаралық байқауының Гран-при иегері Мұрат Нарбеков (виолончель) бар.

Бағдарламада Е. Брусиловский "Дударай", Л. ван Бетховен скрипка, виолончель және фортепианоға арналған үштік концерт до мажор, оп. 56, А. Дворжак № 8 Симфония соль мажор, оп. 88.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.