Қарағанды агломерациясын дамытудың Кешенді жоспарына тұрғындардан ұсыныстар жинау жүріп жатыр

Қарағанды агломерациясын дамытудың Кешенді жоспарына тұрғындардан ұсыныстар жинау жүріп жатыр

Қарағанды агломерациясын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарына енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар қабылданады. Қарағанды және Қарағанды облысының тұрғындарынан ұсыныстарды 2023 жылдың 10 қазанына дейін Қарағанды облысының экономика басқармасы қолма-қол не электрондық мекенжай бойынша жинайды: 5075502@krg.gov.kz.

Олар экономиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін (азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, рекреация, логистика және т.б.), сондай-ақ ұсынылған қаржыландыру көздерін, іс-шараларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, инженерлік-көліктік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды қоса бере отырып, қысқаша тұжырымдалуы тиіс.

Қарағанды агломерациясының құрамына: Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары және Абай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарының 28 елді мекені (Ақтау, Ақтас, Шахан, Долинка, Новодолинский, Қарабас, Топар, Құрма, Жұмабек, Дубовка, Көкпекті, Байқадам, Сарытөбе, Үштөбе, Сарыарқа, Құрылыс, Сокурское, Новостройка, Тоғызқұдық, Тасшоқы, Қарақұдық, Доскей, Трудовое, Новоузенка, Стан, Севан, Петровка, Каратомар) кіреді.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 50-35-85, 50-35-86.

Жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар жинау "Агломерацияларды дамыту туралы" ҚР Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес жарияланды.