
14 жастан 35 жасқа дейінгі Қарағанды жастарына Qaragandy Jastary еріктілерінің қатарын толықтыру ұсынылады. Қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Еріктілер қатарына кіру үшін @qaragandy_jastary аккаунтының сипаттамасында Google form-ды толтыру немесе Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат мекенжайы бойынша Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығына хабарласу қажет.
Толық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7-708-878-06-74.
Еріктілік өзара қарым-қатынасты, шығармашылықты, өзін-өзі ұйымдастыруды дамытуға мүмкіндік береді; ойластырылған жобаларды жүзеге асыру (экологиялық, білім беру және басқалар); әртүрлі қызмет салаларында өзіңізді сынап көру; жаңа достар табу; уақытты тиімді өткізу (пікірталас, оқыту, кітап клубтары, сөйлеу клубы).
Qaragandy Jastary еріктілер штабы 2020 жылы құрылды, бүгінде 197 адамнан тұрады.