
17–20 қазан аралығында Қарағандыда мүгедектігі бар адамдар арасында "Таланттар калейдоскопы" облыстық спорт және шығармашылық фестивалі өтеді. Өтінімдер 1 қазанға дейін қабылданады.
Қатысушылар бес жас тобына бөлінеді. Ең кішісі – 5 жастан бастап, ең ересектері – 18 жастан асқан.
Сіз өзіңіздің шеберлігіңізді бірнеше номинацияларда көрсете аласыз:
- би байқауы (топтық және жеке нөмір);
- вокалдық байқау (жеке);
- ымдап ән айту (жеке);
- көркем сөз;
- вокалды-аспаптық шығармашылық;
- сәндік-қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері;
- Қазақ ұлттық ойындары тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық;
- жалпы дене шынықтыру;
- кіші жас тобына арналған "Көңілді страрттар".
Іс-шара ұйымдастырушылық жарналарсыз, қатысушылар үшін тегін өткізіледі.
Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Лучик надежды" ҚҚҚ мерекесін ұйымдастырады.
Фестивальдің ұйымдастыру комитеті: Қарағанды қ., Рысқұлов к-сі, 19/2 үй;
e-mail: 347113@mail.ru; тел.: (8-7212) 34-71-13, +7-705-622-88-14 (WhatsApp).
Instagram: @luchiknadezhdy.
Фестивальдің шарттарына сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1r86mJuxIo2r6pxRYJoZAb6u24dQj0fzg/view.