Үкімет комиссиясы "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы қорытындыны жариялады

Үкімет комиссиясы "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы қорытындыны жариялады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өлімге әкелген төтенше жағдайды тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссиясы жұмысын аяқтады. Жұмыс берушінің 100 пайыздық кінәсі туралы қорытынды жасалды. Заңнаманы бұзуға жол берген компанияның 28 жауапты тұлғасы анықталды.

ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов комиссияның қорытындысын өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте тікелей эфирде жариялады.

Оның айтуынша, техникалық құрылғылар мен жабдықтарға арнайы сараптама жүргізілді: таспалы конвейер, автоматты бақылау жүйесі, өзін-өзі құтқарушылар, аудиожазба және т. б. сонымен қатар, өрт-техникалық сараптама жүргізілді.

– Сараптамалық қорытындыға сәйкес комиссия топтық жазатайым оқиға апатының негізгі себептерін анықтады. Біріншісі - көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуы салдарынан конвейердің кептеліп қалған және штабталған ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты болды. Екіншісі – "Қазақстан" шахтасының инженерлік-техникалық құрамы тарапынан өндірістік бақылаудың болмауы. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын сақтамау және энергомеханикалық қызметтің әлсіз бақылауы анықталды. Үшіншісі - қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларын бұзу. Бұл сәйкестік сертификатынсыз таспалы лентаның жұмысы. Және соңғысы – жұмыс аймағының тозаңдылығы және жану өнімдері мен тау-кен қазбаларының ауаны газдандырып жіберуі шахта жұмыскерлерінің өліміне әкеп соқты, – деді Сырым Шәріпханов.

Сондай-ақ, еңбек заңнамасының бірқатар бұзушылықтары анықталды, деп қосты ол. Атап айтқанда, позициялау жүйесіне қызмет көрсету бойынша мамандар жеткіліксіз, жауапты басшыларға тиісті лауазымдық нұсқаулықтардың болмауы.

Брифингте жауапты адамдардың шеңберіне 28 қызметкер кіргені нақтыланды. Бұл орта және жоғары буындағы инженерлік-техникалық қызметкерлер, сондай-ақ көмір департаментінің және компанияның басқарушы қызметкерлері. Олардың ішінде екі шетелдік өкіл – сатып алу жөніндегі директор және жабдықтау жөніндегі директор, олар конвейер таспасын сатып алуға келісімшарт жасап, жасасқан. Сарапшылар Үндістанда сатып алынған таспа сертификатталмағанын және орташа тұтанғыш екенін анықтады.

Болашаққа осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар әзірленді.

– Полиция органдары ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады ("тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу"). Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Азаматтық қорғау туралы Заңға сәйкес тергеу нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі, – деді ТЖ Министрі.

Қазіргі уақытта шахтада өртті жою жұмыстары жалғасуда. Апаттық учаскені оқшаулау үшін 25 бөгет салынуда, оның 18-і салынып болды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те Д6 көмір көлбеуін (көкжиек – 170 м) қазуда өрт пайда болды. Апат кезінде шахтада 227 адам болған. ТЖ салдарынан бес адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті.