Қарағанды облысының жолдарында мал ұрлығымен күресуге арналған 17 мобильді бекет қойылды

Қарағанды облысының жолдарында мал ұрлығымен күресуге арналған 17 мобильді бекет қойылды

Қарағанды облысының автожолдарында мал ұрлығына қарсы іс-қимыл үшін 17 мобильді блокбекет қойылды. Мобильді топтардың құрамына криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кірді. Олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көлік құралдарын жүргізушілерде ветеринариялық құжаттаманың бар-жоғын тексеретін болады.

– Мал ұрлығының белсенділігі қыста ет жинау кезінде артады. Мал өсірумен айналысатын жеке аулалар мен шаруа қожалықтары зардап шегуде, – дейді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев. – Мысалы, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтоғай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Олардың мал ұрлығының алты фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 25 жағдайы тіркелді. 10 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Олардың мал ұрлығының сегіз фактісіне қатысы анықталды.

Облыстық полиция департаменті өңір тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша