Қарағандыда сенбілікте 100 қап қоқыс жиналды

Қарағандыда сенбілікте 100 қап қоқыс жиналды

Қарағандылықтар бүкіл отбасымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай жаппай сенбілікке қатысты. Бір күнде 100 қап қоқыс жиналды.

Сенбілік акцияға қатысушыларды арнайы автобуспен алып келген ескі әуежай ауданындағы саябақта өтті. Тазалық шарасына Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, экология департаментінің қызметкерлері, экологиялық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары шықты. Қатысушылар қолғап пен сөмкелермен қамтамасыз етілді.

Акция қалдықтарды бөлек жинау форматында өтті. Қоқыс бірнеше фракцияларға бөлінді: шыны, пластик, алюминий. Қайта өңделмейтін қоқыс бөлек жиналды. Барлық қалдықтар "Вторсырье" ЖШС-не қайта өңдеуге шығарылды.

Ең белсенді қатысушылар сыйлықтар алды - оларға экошоперлер мен су бөтелкелері табысталды.

Экоакция шеңберінде облыстың басқа қалалары мен аудандарында да сенбіліктер ұйымдастырылды.