Қарағанды облысында қоғам бірлігі мен тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды

Қарағанды облысында қоғам бірлігі мен тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды

Қарағандыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты XXVI сессиясы өтті.

Қатысушылар ҚХА қоғамдық институттарының қызметін, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды талқылады, тәжірибе, идеялар мен ұсыныстармен алмасты.

Пленарлық отырыс Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұловтың төрағалығымен өтті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірлік пен тұрақтылықсыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру мүмкін емесстігін атап өтті, – деді Ербол Әліқұлов. – 1 қыркүйекте Президент Қазақстан халқына "Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары" атты кезекті Жолдауын жолдады. Бұл кездесудің мақсаты – Президенттің бағдарламалық құжаттарында қойылған міндеттерді шешу үшін сіздермен бірге бағытты анықтау.

Сессияда Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының бірлікті нығайтудағы және тұрақтылықты сақтаудағы рөлі туралы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов баяндады.

ҚХА мүшелері мұндай кездесулердің мемлекеттік аппаратпен, бизнес өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жаңа идеяларды қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті.

Сессия соңында өңірдегі бірлікті нығайтуға және тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосқан Қарағанды облысының белсенді тұрғындарын марапаттау өтті.