
22 қыркүйекке дейін Business.enbek.kz платформасында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға онлайн-өтінімдер қабылданатын болады.
Гранттар алудың негізгі шарттары:
- тіркелген жұмыссыздар;
- үш жылға дейін бизнеспен айналысатын жеке кәсіпкерлер.
2. Келесі әлеуметтік категориялардың біріне жату:
- көп балалы – көп балалы ретінде жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);
- қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
- мүгедек баланы (жұбайын, зайыбын)тәрбиелеуші ретінде жәрдемақы алатын адамдар;
– аз қамтылғандар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
- мүгедектігі бар адамдар.
3. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатқа ие болу https://business.enbek.kz/ru/bastau-business.
4. Ерікті қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мәртебесін тексеру сәтінде болмауға тиіс.