Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 200 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтары жіберілді

Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 200 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтары жіберілді

2023 жылғы 12–13 қыркүйекте «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС бәсекелестік ортада балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 200 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтарын жіберді.

Жалпы, ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін Кіші Арал теңізін, Сырдария мен Есіл өзендерін, Балқаш және Зайсан көлдерін, сондай-ақ Қапшағай, Бұқтырма және Шардара су қоймаларын 20 млн дана көлемде құнды балық түрлерінің шабақтарымен балықтандыру көзделген.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі