
Астанада өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлерінің VІ фестивалінде Қарағанды құрамасының өкілдері жеңімпаз және жүлдегер атанды. Біріншілік бағдарламасына: бәйге, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату ойындары кірді.

Мәселен, облыстық "Қайрат" спорт мектебінің жаттықтырушысы Кая Мазнева садақ атуда бірінші болды.

Екінші командалық орынды қарағандылық спортшылар бәйгеде, үшінші орынды аударыспақта иеленді.
Жекпе-жекте бірінші орынға Сағыныш Асылбекова, Бауыржан Қуанышбаев, Кирилл Литвиненко және Құдайберген Төлеубаев ие болды.

Екінші орында Эмилия Ларионова, Мария Чеботарева және Қанағат Магмур.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы