
Қарағанды облысында бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай санитарлық дәрігерлер мен ветеринарлардың бақылауында. Соңғы уақытта жануарлардан адамдардың дертті жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.
Облыс бойынша бруцеллездің үш ошағы анықталды: Ақтоғай, Қарқаралы және Нұра аудандарында. Құсақ, Мәди және Мыңбаев ауылдарында мал жұқтыру фактілері тіркелді.
Бұл елді мекендерде мал шаруашылығы өнімдерін шығаруды шектеу шаралары енгізілді, үй-жайлар мен аулаларды дезинфекциялау, сау мал басын вакцинациялау жүргізілуде, жануарлардан қайта талдау алынады.
– Осы ошақтар бойынша адамдардың жануарлардан дерт жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ. Жұқтыру себептерін нақтылау үшін бруцеллезбен ауырған адамдарға тиесілі жануарларда диагностикалық зерттеулерге қан сынамаларын алу жүргізіледі, – дейді Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков. – Тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық бақылауы бар дүкендерден немесе базарлардан сатып алуды, мал шаруашылығы өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізуді, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауды ұсынамыз.
Жыл басынан бері өңірде тұрғындар арасында бруцеллез ауруының 19 жағдайы тіркелді. Соңғы айда аурудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.