Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында шығармашылық үйірмелерге қалай жазылуға болады

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында шығармашылық үйірмелерге қалай жазылуға болады

КМС-да ашық есік күні өтті. Қонақтар шығармашылық үйірмелер мен ұжымдарға жазылып қана қоймай, сондай-ақ көркемөнерпаздар ұжымдарының концертін тамашалады.

Сонымен қатар қарағандылықтардың 41-18-01, 8-702-164-81-87 телефондары арқылы жазылып, шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бар.

Кеншілер мәдениет сарайында әр түрлі бағыттағы 26 үйірме мен ұжым жұмыс істейді, олардың жартысы тегін. Үйірмелерде 600-ден астам адам айналысады.

– Ашық есік күні жеті жыл бойы өткізіліп келеді және келушілер саны жыл сайын артуда. Біз өнердің дамуына барлық жағдай жасаймыз. Вокалистер үшін арнайы жобаланған екі зал, хореографияның барлық талаптарына сай жабдықталған бес зал бар, ардагерлер ұжымы, хор ұжымдары жұмыс істейді, олардың барлық сыныптары да заманауи талаптарға сай жабдықталған. Біздің ұжымдар түрлі халықаралық, республикалық және өңірлік конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Жылына екі рет бізде есеп беру концерттері өтеді, – деді КМС директоры Жаролла Ақышев.

Үш жыл бұрын кеншілер мәдениет сарайында "Арқа әуені" дәстүрлі ән үйірмесі ашылды. Биыл оның жетекшісі ауыстырылды, ұжымды Қ. Байжанов атындағы солист Дәуренбек Аркенов басқарады.

– Қазір үйірмеде 14 бала айналысады. Он жастан асқан балаларды қабылдаймыз. Біздің үйірме тегін, сабақтар аптасына екі рет өтеді. Желтоқсан айында бізде есеп беру концерті өтеді. Дәстүрлі ән айтуға деген қызығушылық артып келеді. Бұл өте қуанышты, – дейді Дәуренбек Аркенов.

Естеріңізге сала кетейік, КМС-да хор және вокал, домбыра ойнау, хореография, қолданбалы өнер, домбырамен ән айту, театр, вокалдық-аспаптық ансамбль, спорттық бал билері және әуесқой клубтар (шахмат, хатха-йога, қарттар клубы) сияқты үйірмелер жұмыс істейді.

"До-ми-соль" балалар вокалдық студиясында, "Шабыт" эстрадалық орындаушылар студиясында, "Арқа әуені" домбырамен ән үйірмесінде, "Дарын" театр үйірмесінде, вокалдық-аспаптық ансамбльде, "Ақжелең" домбырашылар ансамблінде, "Ардагерлер-2012" шахмат клубында, "Ардагерлер ән салады" ардагерлер ансамблінде, "Көзкөргендер" ардагерлер халық хорында, "Шахтерский" халық би ансамблінде, "Марианна" авторлық (бард) ән және композиторлар клубтарында тегін оқуға болады.