
Қарағандыда "Таңшолпан" отбасылық үлгідегі балалар үйінде жылыжай ашылды. Енді оның тәрбиеленушілері жылдың кез келген уақытында экологиялық таза өнімді жеп қана қоймай, көкөніс өсіруді де үйренеді.

– Біз жылыжайдың ашылуын күттік! Енді қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша мен аскөк өсіреміз, – дейді "Таңшолпан" тәрбиеленушісі Айжан Рамазанова.

Жылыжай "Talbesyk" көпбалалы аналар Одағы" қоғамдық бірлестігінің және қаражатты аударған "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК жобасының демеушілігі арқасында салынды.
Жылыжайда қияр, шалғам және бұрыштың әртүрлі түрлері өсіп келеді. Оларды өсіру үшін барлық жағдайлар жасалған. Балалар кезек-кезек өсімдіктерді суарады және күтеді.

Жылыжайды жыл бойы пайдалануға болады. Оның ұзындығы – 12 метр, ені – 6 метр. Жалпы ауданы 72 шаршы метрді құрайды. Жылу, су және жарық орталықтандырылған жүйелерге қосылған. Қыста өсімдіктерге қажетті жарық беретін арнайы шамдар орнатылады.

– Жылыжай балаларға болашақ мамандықты таңдауда көмектеседі, сондай-ақ оларды ғылыми жұмысқа тартуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – деп атап өтті "Таңшолпан" балалар үйінің директоры Серік Әмірханов.