Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне ҰОС жылдары қаза тапқан қарағандылық жауынгердің сүйегін тапсырылды

Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне ҰОС жылдары қаза тапқан қарағандылық жауынгердің сүйегін тапсырылды

Мәскеуде орналасқан РФ-дағы Қазақстан елшілігіне 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық сарбаз Медет Аманжоловтың сүйектері тапсырылды. Майданда қаза тапқан жауынгердің мәйіті 80 жылдан кейін отанына оралады. Туыстары солдаттың сүйегін үлкен сый-құрметпен туған ауылында жерлеуді жоспарлап отыр.

- Кеше менің ағамның сүйегі РФ-дағы Қазақстан елшілігіне берілді. Жақын арада оларды Қазақстанға жібереді. Мұны 9 мамырға дейін жасау жоспарланған болатын. Карантин алынып тасталғаннан кейін біз оның сүйегін Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға алып келеміз. Ағамызды Ағадырда оның әкесі мен ағасының қасында қайта жерлегіміз келеді, - дейді Медет Аманжоловтың немере інісі Арман.

Естеріңізге сала кетейік, Смоленск облысы Темкин ауданының аумағында іздеу-барлау іс-шараларын жүргізу кезінде «Тризна» іздеу бірлестігі» ӨЖҚҰ өкілдері 1917 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Жестерек ауылының тумасы Медет Аманжоловтың мәйітін тапқан болатын. Ол 1942 жылы қайтыс болды. Сақталып қалған «қаза болу медальонның» арқасында қаза тапқан жауынгер есімі анықталды.