
Қарағандылықтарды 10 қыркүйекте осы маусымның соңғы концертіне Қасиетті Мария Фатимская шіркеуіне шақырады. Аспапта Италиядан келген органшы Эмануэле Карло Вианелли ойнайды.
Музыкант Милан қаласының тумасы. Миландағы азаматтық музыка мектебінде және Мантуадағы Лючио Кампани консерваториясында оқыды, Женева консерваториясында орган мен импровизация мамандығын меңгерген. Хорлар мен музыкалық топтарды басқарды.
Қазір Эмануэле Карло Вианелли азаматтық музыкалық лицейдің толық уақытты профессоры және балалар әншілер мектебінің оқытушысы.
Концерт бағдарламасында белгілі шетелдік композиторлардың классикалық музыкасы – Иоганн Себастьян Бах, Сезар Август Франк, Марко Энрико Босси, Алессандро Эспозито бар.
Басталуы сағат 15.00-де.
Кіру тегін.
Шіркеудің мекен-жайы: Шахтерлер даңғылы, 32.