
Қарағанды облысында 7 қыркүйекке электр сиреналарын іске қосумен құлақтандыру жүйелерін техникалық тексеру жоспарланған. Бұл туралы өңірдің ТЖД хабарлайды.
Тексеру "Қорғау-2023" республикалық штабтық жаттығу шеңберінде жүргізіледі.
Сиреналар таңғы 10-да қосылады. Тұрғындардан сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуді сұрайды.