Қарағанды облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы басталды

Қарағанды облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы басталды

Қарағанды облысында 1 қыркүйектен бастап әуесқой аң аулаудың күзгі-қысқы маусымы ашылды.

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, ал жеке және заңды тұлғаларға – аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жолдамаларын алу қажет. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге аңшы куәлігі болуы керек.

Атыс қаруымен аң аулау кезінде жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оқ-дәрілерді сақтауға және алып жүруге рұқсат болуы керек.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы аң аулау ережелерін сақтауды, аң аулауға рұқсат етілген белгілі бір мерзімде және жануарлардың белгілі бір түрлеріне аң аулауды, сондай-ақ атыс қаруымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы туралы ұмытпауды сұрайды.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша