
Балқашта орталық аурухананың бұрынғы мұрағат ғимараты жедел жәрдем станциясы болып қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ, инженерлік желілерді күрделі жөндеу, ауланы абаттандыру жұмыстары да жоспарланған.

Балқаш жедел жәрдем станциясы 30 жылдан астам үздіксіз жұмыс істеп келеді.
– Жедел жәрдем қосалқы стансасы қазір облыстық стансаға қарайды. Біз дербес мекеме ретінде Фрунзе көшесінің бойында (қазіргі Қазбекова) болатынбыз. 2000 жылдардың басында станция орталық ауруханаға ауыстырылды. Мұнда бізге бейімделген бөлме берілді – шамамен 150 шаршы метр. Бұл, әрине, біз үшін өте аз. Облыстық деңгейде біз үшін ауданы 300 шаршы метрге жуық орталық аурухананың бұрынғы мұрағатының ғимаратын жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды, – дейді Балқаш қаласының МӘМСЖ жедел жәрдем қосалқы станциясының басшысы Виктор Ли.

Қайта құру кезінде ғимараттың шатыры толығымен ауыстырылып, жылу және сумен жабдықтаудың сыртқы және ішкі жүйелері, электр желілері, кәріз жүйесі тартылады.

Қасбет пен іші жөнделіп, өртке қарсы және бейнебақылау жүйелері орнатылып, айналасы абаттандырылады.
Ішкі жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Жедел жәрдем қосалқы станциясының қызметкерлері 120 шақырым радиуста 80 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Күніне 70-ке дейін, жылына 22-ден 24 мыңға дейін қоңырау түседі.