"Қазақстан" шахтасында ТЖ тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы ұзартылды

"Қазақстан" шахтасында ТЖ тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы ұзартылды

"Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды.

Қазіргі уақытта Апаттық учаскеде 27 тау-кен құтқарушысы жұмыс істейді, сондай-ақ 14 тау-кен жұмысшысы жұмылдырылған.

Тоғыз бөгет тұрғызылып, 100% толтырылды. Тағы үш бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өрт ошақтарын сөндіру де жалғасуда

Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша