
Қарағандылық спортшылар Алматыда өткен параармрестлингтен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Әлем біріншілігіне 49 елдің балуандары қатысты.

Қарағанды облысынан ҚР Ұлттық құрамасының құрамына алты параспортсмен кірді. Олардың төртеуі құрмет тұғырына көтерілді.

Бірден екі медальді бірнеше дүркін әлем чемпионы Никита Ермаков жеңіп алды (ПОДА, 55 кг). Армрестлер оң қолымен бірінші, сол қолымен екінші орын алды.
Антон Чуб оң қолымен күміс жүлдегер атанды (есту қабілеті бұзылған, 100 кг).
Қанат Әбдуоқапов (есту қабілеті бұзылған, 70 кг) және Қайрат Тебаев сол қолымен (ПОДА, 75 кг) қола медаль иеленді.

Қарағандылықтар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Түспековтың басшылығымен жаттығады.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша