
Қарағандылық "Арлан" командасы Seni Cup 2023 психоневрологиялық интернат-үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды. № 2 Қарағанды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шәкірттері жеті матч өткізіп, тартыста Польша елінің командасына ғана жол берді.

Шағын футбол чемпионаты Торуниде (Польша) өтті. Қазақстандық спортшылардан басқа Германия, Чехия, Польша, Словакия, Латвия, Литва және Эстония футболшылары бас жүлдеге таласты. Барлығы 36 команда болды.
Халықаралық жарыстарға қатысу үшін "Арлан" командасы іріктеуден өтіп, Seni Cup 2022 республикалық чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

Қазір қарағандылық футболшылар командасы Қазақстандағы ең мықты командалардың бірі болып саналады және әлемдік аренадағы үздіктердің қатарына кіреді.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша