
Фотографтарға қаланың қарбаласынан бір сәтті аулап алып, оны түсіру үшін бір күн ғана берілді. Бұдан қандай нәтиже шыққанын 2 қыркүйекте Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтетін көрмеде көруге болады.
Биылғы жылы "Қала өмірінің бір күні" достыққа арналған. Фотографтарға қала мен оның тұрғындарының өмірін әр қырынан түсіріп алу міндеті қойылды. Жобаға 16 адам қатысты. Суретке түсіру күні, 6 тамызда 700-ден астам сурет түсірілді. Оның 106-сы көрермендерге көрсетіледі. Ең көп таралған сюжет – велосипедшілер және саябақта демалу.
Жұмыстарды іріктеумен "Қарағанды" фотоклубының басшылары Юрий Варыгин, Тимур және Светлана Кудериновтар айналысты.
Экспозицияның басталуы сағат 15:00-де.
Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76
Жұмыс уақыты:жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Экспозицияның бастамашысы "Қарағанды" фотоклубы болды. Фотокөрме Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы жүзеге асыратын "Менің қалам" жобасы аясында өтуде.