
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамту жол картасының, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамудың іске асырылуын бақылау аясында Қарағандыға жұмыс сапарымен келді.
Үкімет басшысы Карл Маркс-Магнитогорская көшесіндегі Майқұдық жолын күрделі жөндеуден өткізу барысымен танысты, сондай-ақ қаланың Жаңа орталығына барды.
Карла Маркс және Магнитогорская көшелерінің ұзындығы 11 шақырымға жуық. Мұнда асфальт, бағдаршам, жарықтандыру тіректері ауыстырылады, жаңа жиек тастар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары төселеді. Сонымен қатар, барлық жер асты коммуникацияларын ауыстыруға, нөсер кәріздері жасалады деп көзделіп отыр. Қаладағы ең ұзын көшеде алғашқы автобус желісі пайда болады.
Жөндеу жұмыстарымен «Қазақдорстрой» ЖШС айналысады. Жұмысқа барлығы 180 жұмыскер және 90 бірлік техника жұмылдырылды.
Жол құрылысшылары жаңа жабын төселген жолмен Қарағанды тұрғындары биылғы жылы жүретін болады деп уәде берді.
Премьер-Министрге сондай-ақ қалада Жаңа орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатқаны туралы айтылды. Ауданы 1200 гектардан асатын аумақтық даму Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдық шағын аудандарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Алдағы 3-4 жылда ауданы 150 гектар болатын тұрғын үй аймағы салынады. Құрылыс жобасы бірнеше кезеңге бөлінген. 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.
24 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Бауыржан Момышұлы көшесіндегі екі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Дәл осы ауданда жеке инвестициялар есебінен бірнеше заманауи тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.
Жалпы Жаңа орталықта миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Мұнда 50 метрлік бассейн, «GGG» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болуы тиіс. Қазан айында үстел теннисі орталығын ашу жоспарланған. Осы жылы сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылысын аяқтау көзделіп отыр.