
Қарағандыда, "Шалқыма" концерт залында 3 қыркүйекте Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі өнер көрсетеді. "Астана – өнер ордасы" музыкалық бағдарламасы елорданың 25 жылдығына арналған.
Дирижерлік пультті екі маэстро тізгіндейді: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Айтқали Жайымов және еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлан Бекенов.
Қазақ және әлем классиктерінің шығармалары орындалады. Көрермендер өнер шеберлері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова (домбыра), "Құрмет" орденінің лауреаты Жанар Жүсіпова (қобыз), Мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімова (сымқобыз), халықаралық байқаулардың лауреаты Қайрат Жұмағалиевтің (домбыра) өнерін тамашалайды. Солистер: "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілдә (баритон), халықаралық конкурстардың лауреаттары Фируза Рахметова (сопрано) және Талғат Аллаберінов (тенор).
Кештің басталуы сағат 17:00-де. Билеттерді "Шалқыма" концерт залының кассасынан немесе "Тикетон" арқылы сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30 немесе +7-707-222-12-41.