
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында апатты учаскеде гипс бөгеттерін салу жалғасуда. Екі учаскеде жұмыстың 90-95% орындалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
"Өрт ошақтарын сөндіру де жалғасуда. Оқиға орнына 27 тау-кен құтқарушысы жұмылдырылған. Авариялық учаскедегі газ жағдайы тұрақты бақылауда", - делінген ведомство хабарламасында.