
Қарағанды Мансап орталығы жұмыс берушілер мен ізденушілерді 7 қыркүйекте Тanda.enbek.kz электрондық еңбек биржасы платформасында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысуға шақырады. "Мүмкіндіктер аумағы" іс-шарасы жастарға жұмыс орнын анықтауға көмектеседі.
Онлайн-жәрмеңке өткізілетін күні үміткерлер қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жібере алады. Сондай-ақ компаниялардың HR-менеджерлерімен сөйлесуге, қызықтыратын сұрақтар қоюға және сұхбатқа немесе бейне сұхбатқа шақырулар алуға мүмкіндік болады.
Жұмыс берушілер ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.
Онлайн жәрмеңкеге қатысу үшін үміткерлер tanda.enbek.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтіп, жеке кабинетте өзекті түйіндеме дайындау керек.
Іс-шараның ұзақтығы: 11:00-ден 17:00-ге дейін.
Сұрақтарды келесі телефон нөмірі бойынша қоюға болады: (8-7212) 996-493, 996-397, 996-394.