Қарағанды облысының Абай қаласында «БАМ» ауданы бар – бұл орталық жылу жүйесі жоқ қаланың шеті.
Тұрғындар көпжылдық мәселені шешуді сұрайды. Бұл өтінішімен олар өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуге келді.
Қаланың дене шынықтыру-сауықтыру кешені біраз уақытқа облыс әкімдігінің ашық қабылдау бөлмесіне айналды. Залда келушілерді облыс әкімі және басқармалар мен ведомстволардың басшылары күтті.
Электрондық кезек кездесуге келушілер ағынын реттеуге мүмкіндік береді.
Бір сағаттан астам уақыт ішінде 36 адам өз сұрақтарымен жүгінді.
Әр адамның өтінішіне құлақ асып, назарға алынды.
«БАМ» ауданында бес шағын көше, 85 жеке үй бар. Абайда бұл орталық жылыту жүйесі жоқ жалғыз шағын аудан. Сонымен қатар, тұрғындар жолдың нашарлығына және спорт алаңдарының жоқтығына шағымданды.
– Проблема бар, шешім табу керек. Мәселені, оның ішінде газдандыру мүмкіндігін зерттейміз. Шет аймақтар назардан тыс қалмауы керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Жол жөндеу және спорт алаңында қала әкіміне тапсырма берді.
Энергетика ардагері жылу трассасын күрделі жөндеу қажеттігін талқылауға келді.
Қарабас тұрғыны Илья Демиденко бірден бірнеше проблеманы көтерді – экология, қауіпсіздік, көлік. Инертті материалды тасымалдайтын жүк көліктері жергілікті жолды бұзады. Теміржол өткелі де жөндеуді қажет етеді.
Топар тұрғындары балабақшаларда орын тапшылығына шағымданды. Бұл мәселені мемлекеттік-жекешелік әріптестік әдісімен шешу ұсынылды. Сонымен қатар, мектептерді күрделі жөндеу қажеттілігі туралы өтініштер болды.
– Сұрақтардың көпшілігі – ТКШ, жолдар, жылу. Жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беру туралы өтініш болды – өтінімдер жатыр, белгісіз бір себептермен ұзақ уақыт қаралуда. Біз оны анықтаймыз. Барлық мәселелерді жазып, әріптестерімізбен бірге пысықтаймыз, – деп қорытындылады Ермағанбет Бөлекпаев.