Абайда енді болашақ мектебі бар

Абайда енді болашақ мектебі бар

Телестудия, 33 инновациялық пәндік сынып, коворкинг-орталық, интерактивті панельдер және заманауи жиһаз – бүгінде бұл Абай қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицейдің жабдығы. 

Оқу орны биыл "Қазақстан Халқына" қорының "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы бойынша жаңғыртылды.

Жаңартылған мектепке Абай ауданы бойынша жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді.

Өңір басшысына ең жаңа мектеп жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар көрсетілді. Сонымен қатар, барлық сыныптарда әдістемелік әдебиеттер жаңартылды. Оқушылар теорияны практикамен үйлестіреді. География кабинетінде тіпті метеостанция бар.

Мектеп директоры Натаван Абушова облыс әкімін "Мектеп ТВ" телестудиясымен таныстырды.

Оқушыларды медиа сауаттылық пен IT-технологияларға баулиды, сұхбат алуға, бейне түсіруге және монтаждауға үйретеді.

Бүгінде мектепте мүмкіндігі шектеулі 16 бала оқиды. Түзету сабақтарын жүргізу үшін логопед және психолог кабинеттері бар.

Сондай-ақ, асхана, акт залы, кітапхана жаңартылды, технология және кәсіптік оқыту сабақтарына арналған шеберханалар жабдықталды.

– Толық жабдықталған ас үй, ағаш ұстасы және тігін шеберханалары бар. Авто іс бойынша да сабақтар өтеді. Балалар жол ережелерін үйренеді, содан кейін жүргізуші куәлігін ала алады. Бізде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - 71 бейнекамера орнатылды. Қазір мектепте 1040 адам оқиды, 76 педагог жұмыс істейді. Жаңғырту оқушылар мен ұстаздарға білім алуға және жұмыс істеуге қосымша серпін береді, – деп есептейді Натаван Абушова.

Ермағанбет Бөлекпаев педагогтарға оқу жылы сәтті өтуін тілеп, болашақта мұндай сыныптар облыстың әрбір мектебінде болуы тиіс екенін атап өтті.

Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, биыл "Қазақстан Халқына" қорының жобасы бойынша Қарағанды облысында 8 мектеп жаңғыртылды. Қор өңірдің оқу орындарын жаңарту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын.

Абайдың 4-ші шағын ауданында жайлы мектептің құрылысы басталады. 600 адамға арналған жаңа мектеп аралас тілді оқу орындарының шамадан тыс толып кету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.