
Абай ауданының "Шанс" шаруа қожалығы толығымен автоматтандырылған құрама жем зауытын салып, пайдалануға берді. Өндіріс 99 түрлі қоспалар жасайтын борттық компьютермен жабдықталған.
Абай ауданы бойынша жұмыс сапары кезінде Қарағанды облысының әкімі Көксу ауылдық округінің екі ірі шаруа қожалығына барды.
"Шанс" шаруа қожалығының басшысы Игорь Жабяк өңір басшысына өз қажеттіліктері үшін құрама жем өндіретіні туралы айтып берді.
– Бүгінде Қазақстанда мұндай өндіріс жоқ. Біз басынан аяғына дейін толық кешен салдық. Астық бір жаққа, жемшөп – құрама жемге кетеді. Өнімділік шамалы – сағатына 5 тонна. Бірақ біз үйлесімді жемшөп қондырғысын жасаған соң, мал шаруашылығында малымыздың өңі жақсарып бара жатқанын көріп отырмыз. Барлығы толығымен автоматтандырылған, – деп атап өтті Игорь Жабяк.
"Шанс" ауыл шаруашылығы кәсіпорны мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мұнда 105 адам жұмыс істейді.
Сыйымдылығы 20 мың тонна төрт астық қоймасы, 41 мың тоннаға шақталған бес картоп қоймасы бар.
400 басқа арналған СТФ құрылысы жүріп жатыр.
"Астра-Агро LTD" ЖШС облыс әкіміне элиталық тұқымдық картоп өсіруге арналған жылыжайы бар ғылыми зертханасын көрсетті. Мұнда барлық кезеңдер өтеді: пробирка өсімдігінен толыққанды түйнекке дейін. Кәсіпорын директоры Аманкелді Мұқашевтің айтуынша, зертхана соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған.
Сондай-ақ, компания дәнді және жемшөп дақылдарын өсірумен, сиыр еті және сүт өндірумен айналысады. Оның екі астық қоймасы және бес картоп қоймасы бар. Қазір "Астра-Агро LTD" ЖШС 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуды жалғастыруда.
Тамыздың ортасында екі ферма да егін жинауға кірісті.