
21–24 тамыз аралығында Варшавада грепплингтен жастар мен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды.
Чемпионатқа 21 елден 804 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына Қарағанды облысының үш өкілі енді. Олардың барлығы төрт-бес жекпе-жек өткізіп, финалға дейін жетіп, тамаша нәтиже көрсетті. Жанұзақ Айтбаев пен Александр Ивашкин алтыннан алқа тақса, Мейірбек Есқазиев күміске қол жеткізді.
Жанұзақ Айтбаев екінші рет әлем чемпионы атанды, былтыр Испанияда осы атақты жеңіп алған. Отандасымыз Варшавадағы алғашқы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіп, қалған жекпе-жектерін сәтті өткізді.
Ал Александр Ивашкин мен Мейірбек Есқазыев әлем чемпионатына алғаш рет қатысты. Мейірбек финалда төрешілердің шешімімен жеңіліп, жеңіс Польша спортшысына берілді.
Балуандардың тәлімгері Қарағанды облысының грепплингтен аға жаттықтырушысы Вадим Брамонтов.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы