Қарағанды облысының дәрігерлері Израильде біліктіліктерін арттыруда

Қарағанды облысының дәрігерлері Израильде біліктіліктерін арттыруда

Қарағанды облысының қырық тоғыз медицина қызметкері тамыз айының соңына дейін Израильде біліктілігін арттырады. Олар үшін онкология, ядролық медицина, кардиология, кардиохирургия сияқты салалар бойынша курстар ұйымдастырылады.

Израильде алғашқылардың қатарында балқаштық дәрігерлер оқудан өтті. Олардың қатарында қалалық орталық аурухананың жансақтау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Мұсамат Шәдіметов пен анестезиолог-реаниматолог Жасұлан Шынарбек бар.

Курстар екі аптаға созылды және Галилея медицина орталығында өтті. Бұл Израильдің Нахария қаласындағы үлкен көпсалалы қоғамдық емхана. 

Оқыту және тағылымдамалар меңгерушісі Дафне Вилнердің жетекшілігімен жалпы реанимация, анестезиология және операциялық бөлімшеде өтті.

– Біз оқу барысында білім беру лекцияларының курсын тыңдадық, сонымен қатар Израильдің денсаулық сақтау жүйесімен таныстық. Жансақтау бөлімінде түрлі операцияларға, жылдам терепия бөлімшесінде науқастарды қарауға қатыстық, түрлі аурулар мен ауыр жағдайларды диагностикалау мен емдеудегі израильдік тәсілді зерттедік, соңғы диагностикалық әдістермен, медициналық орталықта жүргізілген ғылыми зерттеулермен таныстық, – дейді анестезиолог-реаниматолог Жасұлан Шынарбек. – Біз өз тәжірибемізді әріптестермен бөлісеміз. Біз клиникамызда қарқынды терапияның кейбір тәсілдерін енгізгіміз келеді.

Оқудан сондай-ақ Қарағанды қаласының №2, 3 көпсалалы ауруханаларының, профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы емхананың дәрігерлері де өтуде.

Қазан айында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы тағы үш дәрігерді Германияға біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отыр.