Қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа 840-қа жуық жаңа кәсіп енгізіледі

Қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа 840-қа жуық жаңа кәсіп енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады.

№ 1 «ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына» өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) «Талқылау» – «Стандарттар» – «ҚР ҰС жобаларын талқылау» бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады, олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі