Шет ауданының тұрғыны церебральды сал ауруы бар балаларға арналған массаж бөлмесін ашады

Шет ауданының тұрғыны церебральды сал ауруы бар балаларға арналған массаж бөлмесін ашады

Ақжал ауылының тұрғыны Сайлаукүл Әшірбек жаңа туған нәрестелер мен церебралды сал ауруы бар балаларға арналған массаж кабинетін ашпақшы. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Шет ауданы әкімінің 800 мың теңге грантын алды.

Сайлаукүл – медбике. Ол бірнеше жыл ауылдық дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істеген және сонымен бірге балалар массажының негіздерін үйренген. Сертификат алғаннан кейін ол кішкентай науқастарға үйінде массаж жасай бастаған. Қазір оның 20-ға жуық тұрақты клиенттері бар.

– Біздің ауыл үлкен, бірақ массаж бөлмесі жоқ. Ата-аналар балаларды қалаға апарады және бұл ыңғайсыздық тудырады. Сұранысты зерттегеннен кейін мен массаж жасауды үйрендім. Және гранттар конкурсына қатысуға шешім қабылдадым. Ақжалда массаж кабинетін ашып, сәбилерге арналған гидрованна сатып алғым келеді, – дейді Сайлаукүл. – Мен церебральды сал ауруы бар кішкентай науқастарға да көмек көрсете аламын. Мұндай балалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибем бар.

Сайлаукүл болашақ массаж бөлмесі қайда орналасатынын шешіп, оны жөндей бастады. Гранттық қаражатқа гидрованнаға тапсырыс беруді жоспарлап отыр.

– Менің жеке жинақтарым бар, сол қаражатымды қосуды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ электрофорез сатып алдым. Мен толыққанды қызмет көрсетемін, – деп атап өтті ісін жаңа бастаған кәсіпкер. – Болашақта мен көмекші және міндетті түрде санитар қызметкерді жұмысқа аламын. Мемлекет бізге адамдарға қажетті осындай идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне қуаныштымын.

Биыл Шет ауданында 12 адам өтеусіз грант алды. Жақын арада ауданда тазалау қызметтері көрсетіледі, тігін цехы, компьютерлер мен телефондарды жөндеу шеберханасы, кафе, ет жартылай фабрикаттарын өндіру цехы, ТҚҚ және басқа да нысандар ашылады.