Облыстық қан орталығы қарағандылықтарды донор болуға шақырады

Облыстық қан орталығы қарағандылықтарды донор болуға шақырады

Облыстық қан орталығы шұғыл түрде донорларға мұқтаж. Екінші және үшінші оң, бірінші теріс қан тобының қаны қажет.

18 жастан жоғары, салмағы 60 кг-нан асатын кез-келген сау адам донор бола алады.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, жеке куәлік, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арналған әскери билет) болуы қажет.

Донорға арналған жадынамамен сайттан танысуға болады: donorblood.kz.

Қан орталығының мекен-жайы: Шахтерлер даңғылы, 81.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 08:00-ден 15:00-ге дейін, сенбі 08:00-ден 14:00-ге дейін.