
Бүгін, 3 мамыр күні Қарағанды облысында ауруханадан бес адам шығарылды.
Сауығып кеткендердің төртеуі қарағандылықтар. 1992 ж. т. әйел мен 2013 ж. т. ұл балада дәрігерлер жеңіл дәрежелі КВИ, 1969 ж.т. ер адам мен 1991 ж. т. әйел адамдарда ауырлығы орташа дәрежелі КВИ диагностикалаған.
Шахтинск қаласының 1948 ж. т. тұрғынында орташа ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция болған.
Толық емдеу курсынан жәнеПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткен соң, емделушілер үй карантиніне шығарылған.
Қарағанды облысында сауығып шыққандардың жалпы саны - 73 адам.