
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесіп "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін" (ӘІЖБТ) жетілдіру мәселесі бойынша облыстың барлық мемлекеттік органдарымен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік органдарды әкімшілік материалдарды қозғау, әкімшілік процесті электронды жүргізу және материалдарды ӘІЖБТ арқылы электрондық нысанда сотқа жіберу үшін мобильді планшеттер және графикалық стилустармен жарақтандыру мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ, медициналық куәландыруды жүргізу бойынша электрондық жүйе құралы бойынша мас болуды анықтау тұрғысынан электрондық медициналық куәландыруды енгізу мәселесі талқыланды.
Жалпы кездесу сындарлы режимде өтті, қатысушылар одан әрі ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысты пікір алмасты.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдеріне ӘІЖБТ функционалының жаңартулары көрсетілді.
Өткізілген кеңестің нәтижелері бойынша, әкімшілік өндірістерді электрондық енгізу туралы іске асырудың оң нәтижесіне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға мобильді планшеттермен графикалық стилустарды сатып алу қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті