
Қарағанды қаласының Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы "Шырақ" тіл орталығымен бірлесіп мемлекеттік тілді үйренуге арналған топтардың екінші легі жинақталатыны туралы хабарлайды. Мүгедектігі бар адамдардан өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Екі топ қабылданады – бастаушы және жалғастырушы. Курс 1,5–2 айға созылады. Сабақтарды кәсіби оқытушылар жүргізеді.
Курс аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.
Қосымша ақпарат: (8-7212) 36-14-74, +7-777-540-44-94.
Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының мекенжайы: Тәттімбет көшесі, 709, 5-кеңсе.