
Балаларды мектепке жинайтын қарағандылықтар жергілікті ассортиментті бір жерден сатып ала алады. Осы аптада 18-20 тамыз аралығында GrandStore сауда үйінде жәрмеңке өтеді (Бұқар жырау даңғылы, 86). Өз өнімдерін Қарағанды облысының тауар өндірушілері ұсынады.
Жәрмеңкеде мектеп формасы, спорттық киімдер, шұлықтар ұсынылады. Сондай-ақ, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т. б. сатып алуға болады.
Сатушылар екінші қабатта, эскалатордың жанында орналасады. Жәрмеңкенің өтетін уақыты: 10:00-ден 20:00-ге дейін.