Қарағандылық спортшы грек-рим күресінен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қарағандылық спортшы грек-рим күресінен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қарағандылық Ибрагим Магомадов Дортмундтағы Grand Prix of Germany грек-рим күресінен халықаралық біріншілікте қола медаль жеңіп алды. Жыл сайынғы турнирге 23 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды sports.kz

Қазақстан жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Grand Prix of Germany-дің жалғыз чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали болды.

Украиналық балуанға жол берген елордалық балуан Марлан Мұқашевтің активінде күміс медаль.

Мейіржан Шермаханбетте (67 кг, Шымкент) Ибрагим Магомадовта (72 кг, Қарағанды облысы), Демеу Жадраевта (77 кг, Алматы облысы) қола жүлделер. 130 келіге дейінгі ең ауыр салмақ дәрежесінде шымкенттік балуан Әлімхан Сыздықов та жұбаныш беретін кездесулер арқылы қола медаль жеңіп алды.

Бұл турнир ұлттық құраманың жаңа бас бапкері, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко үшін дебют болды. Германиядан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанға ұшып барады, онда бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысады.