Қарағанды Мансап орталығында ашық есік күні өтеді

Қарағанды Мансап орталығында ашық есік күні өтеді

Қарағанды қаласының Мансап орталығы қала тұрғындарын 16 тамызда ашық есік күніне шақырады. Мұнда жұмыс берушілерден 2 мыңнан астам бос жұмыс орны, сондай-ақ квоталанатын жұмыс орындары ұсынылады.

Барлық ниет білдірушілер "Күміс жас", "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны" мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңес ала алады. Орталық қызметкерлері кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жастарға арналған 2,5% шағын несиелеу бағдарламасы және т. б. туралы әңгімелейді.

Іс-шара 09:00-ден 18:30-ға дейін өтеді.

Мансап орталығының мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 51/4.

Байланыс телефондары: 996-397, 996-493, +7-775-644-35-80.