
Балқаш көлінің жағажайында алғаш рет екі күн аралығында "Балқаш Tourfest – 2023" ауқымды фестивалі өтті.

Шығармашылық, спорттық және ойын-сауық іс-шараларына 10 мыңнан астам адам қатысты.

– Біздің басты мақсатымыз – қызықты шара ұйымдастырып қана қоймай, өңіріміздің туризмін дамытуға маңызды үлес қосу, – дейді Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі Жәнібек Сұлтаналиев. – Біз "Балқаш" атауының өзіндік брендке, қайталанбас табиғи сұлулық пен таңғажайып мәдени жаңалықтардың символына айналғанын қалаймыз. Біздің фестиваль – бұл Балқаш пен Алакөл бассейнінің экологиясының маңызды мәселелерін көтеру мүмкіндігі. Қонақтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да қоршаған табиғатты мұқият қорғауды қажет ететін құнды ресурс ретінде қабылдауын қалыптастыруға тырысамыз.

Йога және зумба нұсқаушыларының жаттықтырулары және сабақтары фестивальдің маңызды бөлігі болды.

Барлық ниет білдірушілер 400 метрге жүзу, жағажай волейболы, армрестлинг және гір көтеру бойынша күштерін сынай алды.

Қарағанды облысының түрлі өңірлерінен фестивальге "Жасыл ел" жауынгерлері жиналды. Жас балалар жағажай аумағын тазалауға қатысты, сондай-ақ олар үшін арнайы байқаулар мен викториналар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Кешке қонақтарды ауқымды музыкалық бағдарлама күтіп тұрды.

Мерекеге Қарағанды, Екібастұз, Астана қалаларынан вокалистер, музыкалық топтар мен хореографиялық ансамбльдер жиналды.

Іс-шараның хедлайнері атақты қазақстандық әнші Kalifarniya болды.

Фестивальді Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

