
Саран тұрғындары ONAY! жеңілдік көлік картасын ала алады. Құжаттарды қабылдау 14 тамызда басталды.
Саран қ., Победа к-сі, 45 мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Телефондар:
7-68-04; 7-68-05.
Ұсынылуы тиіс құжаттар: жеке куәлік, 3х4 фотосурет және жеңілдікті растайтын құжат.
Қала әкімдігінде тегін жол жүруге кімнің құқығы бар екенін мәлім етті:
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер;
- 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушылар, эвакуациялау күні жатырішілік жағдайда болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланғандар (өз бетінше кеткен);
- екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірі;
- мүгедектігі бар адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары;
- зейнеткерлер мен жасына байланысты Қазақстанда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз төлемдер алатын әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
– төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бірге тұратын көп балалы отбасылардағы ата-аналардың бірі, оның ішінде колледждердің немесе университеттердің күндізгі студенттері – оқуды бітіргенге дейін (бірақ 23 жасқа дейін жас шектеуі бар);
- 75 жастан асқан қарт адамдар.