Ермағанбет Бөлекпаев ойын және спорт алаңдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Ермағанбет Бөлекпаев ойын және спорт алаңдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев коммуналдық қызметтерге балалар мен спорт алаңдарының жағдайын тексеруді тапсырды. Аймақ басшысы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте оқшауланбаған сымдар, жерден шығып тұрған арматура және ата-аналардың басқа да шағымдарын ортаға салдя.

– Маған әлеуметтік желілерде тұрғындар жерден үшкір темірлер шығып, оқшауланбаған сымдар жатқан, құрылымдар дұрыс орнатылмаған деп жазады. Жедел әрекет ету және дереу түзету қажет. Проблемалар қайғылы жайттарға әкеп соққанын күтпеңіздер, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы құдықтардың барлық қақапақтарын тексеріп, ата-аналармен ойын алаңдарын дұрыс пайдалану және терезелерге шектеулер қою қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізуді тапсырды.

– Бұл жұмысты ұйымдастыру керек. Бір бірлеріңізге сілтей салып, қағазбастылыққа берілмей, қысқа мерзімде бұзушылықтарды жойыңыздар! – деп атап өтті облыс әкімі.