
Қарағанды қаласының орталық саябағында демалыс күндері эстрадалық театр солистері Оксана Олжабаеваның қатысуымен концерт, сондай-ақ DJ pyshka – мен дискотека ұйымдастырылады.
12 тамызда саябаққа келушілерге Оксана Олжабаеваның жетекшілігімен Қарағанды эстрада театры өнер көрсетеді. Концерт саябақтың басты сахнасында сағат 19:00-де. Эстрадалық театрдың солистері "Куә бол", "Городские цветы» «Музыка нас связала", "Роза на снегу” және т. б. шығармаларды орындайды.
Ал, 13 тамыз күні қарағандылықтар мен қала қонақтары би билеп көңіл көтере алады. Сағат 11: 00-де зумба фитнес басталады. Ал 20:00-ден 21:00-ге дейін-DJ Pyshka-мен дискотека өтеді. Қапы қалмаңыз!