Қарағандының орталық саябағында ойыншықтар байқауы өтеді

Қарағандының орталық саябағында ойыншықтар байқауы өтеді

Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында 2 қыркүйекте қолдан жасалған ойыншықтар көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.  Жұмыстардың барлығы алдын ала іріктеуден өткізіледі. Конкурсқа барлық ниет білдірушілер қатыса алады, жас бойынша шектеу жоқ.

"Қарағанды ойыншығы – 2023" байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді: Қазақ ұлттық ойыншығы; этностильдегі ойыншық; жұмсақ ойыншық; тоқылған ойыншық; интерьер ойыншығы; миниатюралық ойыншық; балаларды дамытатын ойыншық. Қазылар алқасының шешімімен басқа санаттар да қосылуы мүмкін.

Қатысу үшін:

- бір номинацияда үш ойыншық және конкурста 10-нан артық болмауы тиіс;

-дайын ойыншықтың фотосуреті ақ фонда Flash-тасығышпен электронды түрде немесе конкурсты ұйымдастырушылардың vshivceva-n@yandex.ru электрондық поштасына жіберілсін;

-  сауалнама толтырылады. Өтінімдер 25 тамызға дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: vshivceva-n@yandex.ru немесе +7-701-750-21-56 WhatsApp нөмірі арқылы.

Байқаудың әрбір қатысушысы өз қолымен немесе топпен, түпнұсқалық эскизбен өндірістік шеберханада жасалған немесе кез келген материалдан дайындалған дизайнды ойыншықтарды ұсынуы керек.

Ойыншықтардың конкурстық көрсетілімі 2 қыркүйек күні Қарағанды орталық саябағында (сахна жанындағы алаң) сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін  көрме-жәрмеңкеде өтеді.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7-701-750-21-56, +7-701-609-85-21.